Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кәсіпорындары ауаға шығаратын қалдықтарды азайтудың күнтізбелік жоспары жасалмақ

Бүгін ШҚО әкімі Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кеңесте осындай тапсырма берді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кәсіпорындары ауаға шығаратын қалдықтарды азайтудың күнтізбелік жоспары жасалмақ
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің индустриялық дамыған өңірлерінің қатарына жатады. Мұнда "Казцинк", "ҮМЗ", "ТМК" сияқты тау-кен және металлургия саласының алыптары жұмыс істейді. Сол себепті де негізгі экологиялық проблема - ауаның ластануы болып қала береді.

ШҚО Экология департаментінің мәліметінше, Өскемен бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарындыларының жалпы көлемі жылына 54 мың тоннадан асады. Бұл ауаның автомобиль көлігімен ластануын есепке алмағанда.

Динамикада жылдан жылға шығарындылар көлемі төмендеп келеді. Бірнеше жыл бойы облыс орталығының ауасына шығарылатын қалдықтар жылына 100 мың тоннадан асып жығылатын. Ірі кәсіпорындар қазіргі заманғы тазарту сүзгілерін орнату бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатыр. Бірақ мұндай жұмысты жүйелеу қажет, - деді Шығыс Қазақстан олысының әкімі Ермек Көшербаев.

Мысалы, "Казцинкте" қалдық газдарды толық тазартуды орнату 2026 жылға қарай шығарындыларды жылына екі мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Ал Өскемен ЖЭО-да жоғары және орташа қысымды қазандықтардың эмульгаторларын ауыстыру көмір күлінің шығарындыларын 8 тоннаға азайтады.

Осыған орай билік өкілдері, азаматтық сектор және ірі кәсіпорындар қабылданып жатқан шаралар туралы, іске асып жатқан жаңа жобалар жайында жергілікті тұрғындарды жан-жақты хабардар етуі өте маңызды.

Жалпы, қала әкімдігі Өскемендегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол картасын әзірледі, оған сәйкес 2026 жылға дейін 40-қа жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша аталған Жол картасы нақтыланып, қаржыландырудан бастап қорытынды нәтижелерге дейін пысықталуы тиіс.

Біз мемлекеттік көзқарас танытып, шығарындылардың салдарымен емес, себептермен күресуіміз керек, - деп қорытындылады облыс әкімі.

Бұл мәселе бойынша келесі отырыс 10 күннен кейін өтеді.

Следующая →