Тоқаев Өзбекстан Президентін "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттады
Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті өтіп жатыр
Саммит барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың ақпаратына сүйеніп.
Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. "Түркі әлемінің келешегі – 2040" атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. - Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау.
Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Мемлекет басшысы басқа мемлекеттер ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болғанын атап өтті. Сол үшін де ендігі ортақ міндет - түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу.