Ұлттық ұландықтар "Бүркіт" фильмін тамашалады
ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы "Бүркіт" толық метражды көркем фильмі қазақстандық көрерменге жол тартты
Отандық фильмді киносүйер қауыммен бірге Өскемен қаласындағы "Шығыс" өңірік қолбасшылығының жеке құрамы да тамашалады. Антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты мақсат тұтқан туынды әскерилердің көңілінен шыққандай.
Қызыл күрең берет алу жолында қажымас күш-жігердің қажеттілігі фильмде айшықталады. Күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылатын арнайы жасақ көрерменді өз Отанын қастерлеуге тәрбиелейді. Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы жауынгерлік рухты дәріптейтін өнер туындысынан ерекше әсер алды деп ойлаймын, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы подполковник Денис Ча.
Ұлттық ұлан туралы отандық "АЮ Синема" кинокомпаниясы түсірген үшінші әскери фильмнің қоюшы режиссері – Қазақстан кинематографиясында "Алтыншы бекет" және "Қазбат" әскери кинокартиналарының бас продюсері ретінде танымал Данияр Ибрагимов. Аталмыш фильм оның режиссерлік жұмысындағы дебюті болып табылады. Әскери сахналардың продюсерлік жұмысы арнайы күштердің ардагері, күрең берет иегері және жауынгерлік офицер Камал Жақсылықовқа жүктелген. Екінші продюсер – Ильяс Етекбаев, ал желілік продюсері жауынгерлік іс-қимылдар ардагері Сабыржан Сулейменов болып табылады. Басты рөлдерде танымал актерлер Санжар Мәди, Дәурен Серғазин және Асылхан Төлепов ойнайды. Фильмде сондай-ақ танымал әнші және музыкант Ғалымжан Молданазар бой көрсетеді. Кинокартинаның түсіріліміне арнайы жасақ, әскери техника және авиация, сондай-ақ екі жүзден астам әскери қызметші қатысқан. Шым-шытырық оқиғаға толы фильм алғашқы минуттан-ақ, қалың көрерменді баурап алғандай. Көрермен залындағы ине шаншар орынның жоқтығы – туындының жоғары деңгейде түсірілгенін аңғартады. Мәдени іс-шараға Шығыс өңірлік қолбасшылығының Семей, Павлодар қаласындағы әскери бөлімдері де ат салысты.
Шым-шытырық оқиғаға толы фильм алғашқы минуттан-ақ, қалың көрерменді баурап алғандай. Көрермен залындағы ине шаншар орынның жоқтығы – туындының жоғары деңгейде түсірілгенін аңғартады. Осы орайда үлкен экранға енді шыққан фильмді тамашалап үлгерген Өскемен қаласының тұрғындары өз әсерлерімен бөлісті.
Кинодан алған әсерімді жеткізу мүмкін емес. Менің жолдасым да әскери қызметші. Үйде отырып, шұғыл жұмысқа жөнелетін кездері де болады. Мен бүгінгі киноны көре отырып, жолдасымның қызметін түсіндім. Аса зор жауапкершілікті талап ететін маман екендігін бүгінгі кинотуынды толығымен сипаттап бергендей. Жалпы, Отан қорғау жолында аянбай еңбетіп жүрген жандарға зор денсаулық және қажымас қайрат тілеймін, - дейді қала тұрғыны Зарина Сұлтанбекова.
Еске салайық, Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған көркем фильм мемлекет басшысының әскерге шақыру жасындағы және әскерге дейінгі жастармен жұмысты күшейту, оларды отансүйгіштік және Отанға қызмет ету рухында тәрбиелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырмасымен түсірілген.