Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралды маңындағы алтын өндіретін фабриканың жұмысы тоқтамайды

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрінің ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Маралды маңындағы алтын өндіретін фабриканың жұмысы тоқтамайды
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу кезінде алтын өндіру фабрикасының жұмысын заңды түрде тоқтатуға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істей беретіндігі айтылды.

Алайда өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады.

Бүгін вице-министрлер, облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық басқармалар басшыларынан құралған топ өздері Маралды ауылына барып, салынып жатқан алтын өндіру фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл жерде қазір өндіріс жұмыстары тоқтап тұр.

Фабрика басшылығына егер тұрғындарға, қоршаған ортаға залал тиетін болса, экологиялық және қауіпсіздік талаптары орындалмаса, заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын, тіпті зауыт жұмысы тоқтатылаты ескертілді.

Одан кейін ресми топ тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Нұрымбет Сақтағанов барлығы да заң аясында шешілуі керек екенін атап өтті. Ал экология және табиғи ресурстар вице-министрі, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі фабрикаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.

Олардың айтуынша, заңды түрде фабрика жұмысын тоқтауға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істейді. Өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады. Ең маңыздысы – халықтың жағдайы және заң. Сондықтан экологиялық жағдай қатаң бақылауда болады, ал заңсыз қазба жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Жиын соңында вице-министрлер алдағы уақытта маралдылықтармен тағы да кездесетіндерін мәлімдеді. Ал тұрғындар айтылған мәселелерге түсіністік танытты.

Следующая →