ШҚО-дағы өзендерде су деңгейі көтеріліп келеді
Толассыз жауған жаңбырға байланысты өңірдегі өзендерде су деңгейі қауіпті деңгейге дейін көтеріліп келе жатқаны байқалады
Фото:
Коллаж Устинка LIVE / В. Иванов
"Қазгидромет" қай өзендерде су қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін өзендер:
- Үлбі ө. - Ульби Перевалочная а. (01 қараша сағ. 08.00 су деңгейі - 275 см, қауіпті деңгей - 380 см);
- Бұқтырма ө. - Лесная Пристань а. (01 қараша сағ. 08:00 су деңгейі - 474 см., қауіпті деңгей - 530 см.);
- Оба ө. - Шемонаиха қ. (01 қараша сағ. 08:00 су деңгейі - 303 см., қауіпті деңгей - 430 см.).
Синоптиктер қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін екенін ескертеді.