Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +27°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +28°
  • Шымкент
    +27°
$
451.38
-0.39
487.22
+1.25
¥
62.24
-0.04
5.14
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен-Риддер" автожолында апат орын алып, екі адам көз жұмды

Тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген

Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен-Риддер" автожолында апат орын алып, екі адам көз жұмды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Ауыр жол-көлік оқиғасы кеше Быструха ауылы маңында орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында сағат 17.00 шамасында "Өскемен-Риддер" автожолында, Быструха ауылы маңында жол-көлік оқиғасы – "ВАЗ-2107" және "ВАЗ-21010" маркалы автокөліктері соқтығысқан. Нәтижесінде 2 жолаушы, оның ішінде 16 жастағы жасөспірім (2007 ж.т.) сол жерде қайтыс болған, үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жатқызылған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі - "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Следующая →