Елдегі қазақтардың саны 70,4%-ға дейін өсті
Қазіргі таңда Қазақстандағы халық саны 20 миллионға жақындап қалды
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 19 967 964 адамды құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.
Оның ішінде қала тұрғындары – 12 387 957 адам, ауыл тұрғындары – 7 580 007 адам, - делінген хабарламада. - Жыл басынан бері халық өсімі 1,02% немесе 201,1 мың адамды құрады. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында – (1,94%).
Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деп күтіліп отыр.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті, - делінген хабарламада. - Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.