"Қызыл ту" өткеліндегі паромдар тоқтап қалды
Күршім ауданындағы өткелдегі паром қозғалысының тоқтауына желдің күшеюі себеп
Фото:
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ауа райы жақсарғаннан кейін паромдар қайта қатынай бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйеніп.
Қатты желдің күшеюіне байланысты 2023 жылғы 31 қазанда сағат 11.00-ден бастап "Қызыл ту" паром өткелінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ауа райы жағдайы жақсарғаннан кейін "Күршім" және "Ертіс" паромдарының қозғалысы кестеге сәйкес қалпына келтірілетін болады, - делінген хабарламада.