Өскемендегі жәрмеңке өтетін орын өзгерді
Осы сенбіде облыс орталығында Самар ауданының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Осыдан былай қаладағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі "Fresh Market" СҮ маңында емес, "ТНП" СО аумағында өтетін болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ағымдағы жылдың 28 қазан сенбі күні "ТНП" СО (Сатпаев даңғылы, 39) аумағында Самар ауданының тауар өндірушілері өндірген өнімдердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлады Өскемен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі. - Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін сауда орталығына жақын маңға автобус аялдамасы орнатылып жатыр.