Валидаторда "қайталап көріңіз" деп шықса, жолақысы төленбегенін білдіреді
Өскемендегі қоғамдық көліктердегі валидаторларда жаңа ақпараттық хабарлама пайда болды
Қоғамдық көліктердегі валидаторға төлем картасын төсегенде "қайталап көріңіз" деген жазу шықса, төлем операциясы аяқталмағанын білдіреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС ақпаратына сүйеніп.
Қаланың қоғамдық көлігіндегі валидаторларда енді "қайталап көріңіз" атты жаңа ақпараттық хабарлама пайда болды, - делінген хабарламада. - Егер сіз картаңызды валидаторға жақындатқанда "қайталап көріңіз" хабарламасын көрсеңіз, онда төлем операциясы аяқталған жоқ. Бұл картаны қайтадан қосып, төлемнің сәтті расталуын күту керек дегенді білдіреді. Сәтті төлем кезінде валидатор дыбыстық сигнал шығарады және онда жасыл шам жанады, "есептелген" деген жазу пайда болады. Валидаторға қайта тигізгенде картаның ағымдағы балансын көрсетеді. Егер кенеттен қандай да бір себептермен көліктегі валидаторлардың бірі жұмыс істемесе, онда сіз басқа валидаторда, сондай-ақ жүргізушіде орнатылған терминалда жол ақысын төлей аласыз.
Жол ақысын төлеу кезінде проблемалары туындаған жағдайда жолаушылар тасымалын басқару орталығына 70-09-07 телефоны бойынша хабарласуға болатынын ескерте кетейік.