Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мамандандырылған ХҚО-ларда теориялық емтихан тапсыру ережесі өзгерді

Енді мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық емтиханды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Мамандандырылған ХҚО-ларда теориялық емтихан тапсыру ережесі өзгерді
Фото:
"Азаматтарға арналған үкіметтің" МК" КЕ АҚ ШҚОФ

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді.

Бұл жаңашылдық "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің қызмет сапасына жиі шағым түсіруімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады, - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкіметтің" МК" КЕ АҚ ШҚОФ баспасөз қызметі. - Бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілгенін атап өтеміз. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында жүргізуші куәлігін алу процесі ашық әрі әділ өтуде.

Теориялық емтиханды тапсыру кезінде тестілеу барысын аудио және бейнежазбаға түсіру мүмкіндігі жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Биометриялық жеке сәйкестендіру жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес те жүргізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залдарында да, онлайн режимінде де өтіп жатқан емтиханды көре алады. Көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланып ұсталған клиенттер 3 айға емтихан тапсыру құқығынан айырылған айта кеткіміз келеді.

Естеріңізге сала кетсек, емтиханнан өтпеген жағдайда келесі жұмыс күні теорияны қайта тапсыруға болады. Егер сынақтан екі рет сүрінсе, тек бір айдан кйін қайта тапсыруға болады.

Следующая →