Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі "Park City" мөлтек ауданында жаңа балабақша ашылды

Республика күні қарсаңында ашылып отырған балабақша заманауи талаптарға сай

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі "Park City" мөлтек ауданында жаңа балабақша ашылды
Фото:
автордікі

Қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ордасының салтанатты ашылуына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен қала әкімі Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

imgonline-com-ua-Resize-z0LAylnqqX0Ftj.jpg

Облыстық драма театр артында бой көтерген жаңа мөлтек ауданда бірнеше көпқабатты үй жаңадан салынып, халықтың игілігіне берілген. Тұрғындар саны жыл санап артып келеді. Сондықтан да балабақша мен мектепке деген сұраныс туып отыр. Осыған орай жеке кәсіпкердің дәл осы ауданда 150 орындық жаңа балабақша ашу ісіне қалалық әкімдік қолдау білдірген.

Балалақшаға 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Жалпы 150 орындық, 6 топ болады, - дейді "Family island-2" балабақшасының директоры Меруерт Сұлтанова. - Әзірге 150 орын толған жоқ, кіші топтарды қабылдау 1 қарашаға дейін жүргізіледі. Сұраныс көп. Қазір 12 тәрбиеші және 6 көмекші, аспазшы, күзетші, мейірбике, әдіскер, психолог, балабақша меңгерушісі жұмыс істейді. Сұраныс бар болғандықтан болашақта логопед маманын жұмысқа аламыз. Таеквондо, би сияқты қосымша үйірмелер бар.

Айта кетейік, бұған дейін 2021 жылдың қыркүйегінде "Family island" балабақшасының (Есенберлин, 13/1 мекенжайы) алғашқы филиалы ашылған болатын. "Park City" мөлтек ауданындағы Базовая көшесі, 2/2 мекенжайындағы бұл балабақша екінші филиалы.

Кәсіпкер осымен қалада 150 орындық екінші балабақшаны ашып отыр. Әкімдік жеке кәсіпкерлермен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит. - Яғни, кәсіпкерге әр бала үшін белгілі бір мөлшерде төлем жүргізіледі. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік кәсіпкер үшін де тиімді. Яғни, кәсіпкер әлеуметтік жобаға қаржы құяды, ал орын саны көбірек болуы үшін әкімдік қолдау білдіреді.


Следующая →