Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери борышын өтеуге ШҚО-дан 700-ге жуық азамат шақырылады

ШҚО азаматтары күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери борышын өтеуге ШҚО-дан 700-ге жуық азамат шақырылады

Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында әскер жасындағы азаматтарды іріктеп, Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін салтанатты түрде шығарып салды.

Күзгі әскери шақырылымға Шығыс Қазақстан облысынан шамамен 700-ге жуық адам шақырылады деп жоспарланған. Мерзімді әскери қызметке шақырту алған барлық азаматтар шақыру талабына сәйкес, жергілікті салалық департаменттегі іріктеуден өтті.

Мерзімді әскерге шақырту алған сарбаздардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өтті. Күзгі шақырылым 31 жетоқсанға дейін жалғасады. Сондықтан бұл біздің облысымыздан Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанып тұрыған бірінші тобымыз. Біз жас сарбаздарға барлық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барлық болашақ сарбаздарға сәт-сапар және Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруды тілейміз, - деді ШҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Арман Қожамқұлов.

Қазіргі кезде мерзімді әскерге шақырылған сарбаздарға бірқатар жеңілдіктер бар. Мәселен, жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсу, несиелері бар сарбаздардың несиесін уақытша тоқтата тұру сынды жағдайлар қарастырған.

Мен Отан алдындағы борышымды өтеуге шақырту алғаныма қуаныштымын. Сарбаз болып, ел тыныштығын күзету бізді біздің азаматтық борышымыз, - деп қосты әскерге шақырылушы Жансерік Оразов.

Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздар үшін құрмет көрсетіліп, "Ертіс Концерт" залында мерекелік концерт өтті. Жас сарбаздарға арналған мерекелік концертте қару-жарақтар көрмесі ұйымдастырылды.

Следующая →