Бүгін Азия пара ойындарында екі алтын, күміс және қола жүлде бұйырды
Қазақстан қанжғасына алғашқы қос алтын пара пауэрлифтинг пен пара дзюдодан түсті
Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
Одан кейін пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек алтын жүлдеге ие болды.
Одан өзге, Қазақстанның қанжығасында күміс және қола жүлде бар. Тұрсынай Қабыл пауэрлифтингтен 41 кг салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) 60 келі салмақта өнер көрсеткен Әнуар Сариев қола жүлде алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) IV Азия Паралимпиада ойындары өтуде. 22 спорт түрі бойынша 564 медаль жиынтығы (490 Паралимпиадалық және 74 паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ойнатылады.
Аталған ойындарға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысады, оның ішінде 93 ер адам және 38 әйел 14 спорт түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара оқ ату, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара академиялық есу, пара садақ ату, пара велоспорт, отырып ойнау волейбол, бочча және шахмат) қатысады.