Өскемендегі май зауытында өрт шықты
81 шаршы метрге тараған өрт 8 сағаттың ішінде толықтай сөндірілді
17 қазанда Примыкание көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шықты, деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Май сығымдау кешенінің кептіру камерасында 75 тонна күнбағыс дәні өртенген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала болжамы - технологиялық процестің бұзылуы.
Өрт 8 сағат 28 минутта толығымен сөндірілді. ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері шамамен 3000 тонна дайын өнімді аман алып қалып, оттың жақын маңда орналасқан өрт қауіпті құрылымдарға таралуына жол бермеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам мен 18 бірлік техника, "Таза Өскемен" ЖШС-дан 6 адам мен 3 бірлік техника, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.