Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелту жұмыстары аяқталды
Алматы мен Қарағандыдан 27 вагон гуманитарлық көмек аттанды
Фото:
ҚР ТЖМ
27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
Тиеу жұмыстарын ҚР ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.
Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына ҚР Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.