Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 129 бала өмірге келді

Ал ағымдағы жылға Шығыс Қазақстан облысында 239 квота бөлінген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 129 бала өмірге келді
Фото:
pexels.com

Бұл процедуралар МӘМС аясында қаржыландырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE ӘМСҚ ШҚОФ ақпаратына сүйеніп.

Жыл басынан бері 125 әйел балалы болып, 88 әйел жүкітілкпен диспансерлік есепте тұр.

Бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.

ЭКҰ жасайтын клиникалардың тізімін қайдан көруге болады?

Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді.

Айта кету керек, пациент Қор сайтына кіріп, клиниканы өзі таңдай алады. Ол үшін fms.kz ресми сайтында "Пациент үшін", ары қарай "Клиниканы таңдау" батырмасын басып, "ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесін" ашу керек. Ол жерде клиникалардың тізімі, мекенжайы және телефоны көрсетілген.

ЭКҰ-ға жолдаманы қалай алады?

Бұл процедура МӘМС аясында тегін жасалады. Соған сай, квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс.

Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады.

2021 жылдан бері жыл сайын 7 мың ЭКО процедура МӘМС есебінен қаржыландырылады.

ҚР ДСМ мәліметі бойынша, "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері "өзін аңсатқан" 5000 нәресте дүниеге келді.

Жасанды ұрықтандыруға қанша қаражат жұмсалады?

Бағдарлама аясында бір адамға МӘМС есебінен орта есеппен 1 млн теңге бөлінеді.

Репродуктологтардың айтуынша, оның 600 мың теңгесі стимуляциялауға арналған гормондық препараттарға жұмсалады. 200-300 мың теңге шығын материалдарын жабуға кетеді. Кейде құны 1 млн теңгеден асып жығылатын мұндай процедураны кез келген отбасының қалтасы көтермейтіні рас. Оған қоса ЭКҰ әдісіне бірнеше мәрте жүгініп барып, сәбилі болғандар көп. Ал қазір бұған жұмсалатын шығынды Қор МӘМС есебінен төлейді.

Қандай жағдайда квота берілмеуі мүмкін?

Дәрігерлер әйелді медициналық тексеруден өткізгеннен кейін бірнеше мәселені ескереді. Олар жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез келген локализация онкологиясы сынды жағдайларда пациентке экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілмейді.

Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы "Пациенттерді қолдау қызметіне" жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
  • Damumed мобильді қосымшасы
  • Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Аңсаған сәби ЭКҰ