Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны Қазақстан мен Ресейден зейнетақыны қатар алып отырған

Қос азаматтығы бар Алтай ауданының тұрғыны мемлекетке 13 млн теңге шығын келтірген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғыны Қазақстан мен Ресейден зейнетақыны қатар алып отырған
Фото:
Устинка LIVE

Ол Қазақстаннан 20 жылға жуық зейнетақы төлемін алып келген, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан полицейлері қазан айының басында қос азаматтығы бар заң бұзушыны анықтады. Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алған. Сонымен қатар, 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған. Мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта шетел азаматынан Қазақстан құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы құжат тіркелді. Бұдан басқа, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-ның 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Нұрлан Жеңіқсанов.

Айта кету керек, ШҚО-да жыл басынан бері 45-тен астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе еліміздегі шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.

Следующая →