ШҚО қалалары мен ауылдарындағы фтизиаторлар біліктіліктерін арттырды
Өңірдегі туберкулезге қарсы күресті күшейту үшін ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығының төрт күндік тренинг өткізді
Бұндайға мақсат - туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыру.
Тренингке қатысушылар туберкулез инфекциясы жағдайларын бағдарламалық жүргізудің өзекті мәселелері бойынша сертификаттар алды, - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасы. - Тренингтен кейін олар каскадтық тәсілді қолданғанын және бір ай ішінде учаскелік қызметтердің үш жүзден астам әріптестерін оқытқанын атап өткен жөн.
Өткізілген тренинг фтизиопульмонология мамандары үшін өз дағдыларын дамытуға және өз білімдерін әріптестерімен бөлісуге ерекше мүмкіндік болды. Тәжірибенің мұндай берілуі жергілікті жерлерде туберкулезді диагностикалау мен емдеудің сапасын жақсартуға және осы аурумен күресудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.