"Made in Oskemen": Өскемендік өнімдер көрмесі ұйымдастырылады
Көрмеге тек жергілікті шағын, орта және ірі бизнес субъектілері қатысады
Көрмені көруге келгендердің барлығы автоматты түрде тауар өндірушінің лотереясына қатысады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көрме 11 қазанда сағат10.00-ден 16.00-ге дейін Сәтбаев көшесі, 88/2 мекенжайындағы “Неке сарайында” (Дворец бракосочетаний) өтеді.
Көрмеде кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынады, содан кейін тауарларды барлық ниет білдірушілерге сатып алуға мүмкіндік болады.
Бұған дейін облыстық деңгейде бұндай көрмелер өтіп тұратын. Ал биыл тек қана Өскемендегі кәсіпкерлеріне арналған көрме алғаш рет ұйымдастырылмақ. Жергілікті билік көрмені дәстүрлі түрде өткуге ниетті.