Өскемендіктер қала экологиясын жақсартуға өз ұсыныстарын білдіре алады
ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы әзірленуде
Жол картасын жасауға Өскемен қаласының тұрғындары да атсалыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Экология департаментінің ақпаратына сүйеніп.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті 2023 жылдың қараша айының соңына дейін қаржыландыру көзі мен көлемін айқындау үшін нақты нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер көрсеткіштерін (экологиялық әсер) көрсете отырып, өзекті ұсыныстар мен идеяларды жинайды, - делінген хабарламада. - Келіп түскен барлық ақпаратты қарап, зерделегеннен кейін online-кеңес өткізіледі, онда келіп түскен барлық ұсыныстар талқыланады және де оларды өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып түзетуге болады. Кейіннен жалпы жиынтық Жол картасы жобасына енгізу үшін Өскемен қаласы әкімі аппаратының әкімшілігіне жіберілетін болады.
Өскемен қаласының барлық тұрғындары Жол картасын әзірлеуге қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, облыс орталығының экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса алады.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7232)76-76-82 телефоны немесе 8-777-288-61-58 WhatsApp мессенджері арқылы хабарласуға болады.