Ұлан ауданындағы ауыл мектебіне шағын автобус берілді
Азов ауылының мектебіне көрші ауылдан оқушыларды тасымалдау үшін көлік қажет болған
Ауыл тұрғындары осы сұрақпен "AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Олар Азов орта мектебіне көрші ауылдардағы оқушыларды тасымалдап оқыту үшін және өзгеде іс-шараларға балаларды тасымалдағанға шағын автобустың қажеттігін айтқан.
Арада көп уақыт өтпей азовалықтардың өтініштері оң шешіліп, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Ербол Әбдіқалықов Азов орта мектебіне шағын автобус сыйға тартты.
Мұндай көмек пен қолдау өскелең ұрпаққа ертеңгі күнге деген сенімділік береді. Білім беру мекемелеріне бірнеше рет қолдау көрсеткені үшін ауылдықтардың атынан "AMANAT" партиясына және облыстық мәслихат депутатына алғыс айтамыз, - деді Азов орта мектебінің директоры.