Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданында екі күн қатарынан шөп өртенді

Жарсу ауылында балалардың отпен ойнауының салдарынан  30 тонна жем-шөп өртеніп кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан ауданында екі күн қатарынан шөп өртенді
Фото:
ШҚО ТЖД

Одан кейін Қарабұлақ ауылында 85 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Жарсу ауылында балалар отпен ойнап жүріп, тұрғын үйдің ауласындағы 30 тонна ірі жемді өртеп жіберген. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан 15 адам мен трактор тартылды, - делінген хабарламада. - Келесі күні, 8 қазанда, Қарабұлақ ауылдық округінде, "Централь" учаскесіндегі ашық аумақта 85 тонна шөп өртенді. Өрттің алдын - ала себебі отты абайсыз пайдалану. Тілсіз жаумен күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, халықтың, "Тарбағатай Мұнай" кәсіпорнының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қатысты. Барлығы 16 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, 5 қазан күні Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында ашық аумақта жалпы ауданы 30 ш.м. қоқыс пен шөп өртенген болатын.

Ірі жемді дайындау және сақтау орындарында отпен жұмыс істеу кезінде ерекше сақ болу керек: сөндірілмеген от, құрғақ және ыстық ауа райында абайсызда тасталған сіріңке немесе темекі тұқылдары орны толмас апаттың себебі болуы мүмкін. Жиналған мамыр шөп бірнеше минут ішінде өртеніп кетеді, оны сөндіру өте қиын, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Следующая →