Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібермек
Сенбі күні Ауғанстанның бір ауылында жойқын жер сілкінісі болып, екі мыңнан астам адам қаза тапты
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 2053-тен астам адам қаза тауып, шамамен 9240 адам жарақат алған Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясына елден гумманитарлық көмек жіберілмек, деп хабарлады ҚР Үкіметі.
Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады, - делінген хабарламада. - Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.
Сонымен қатар, Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.