Өскемендегі 27 мыңнан астам оқушы кешенді жаттығуға қатысты
Оларға радиоактивті зақымдану және күшті әсер ететін улы заттардың ауаға таралу қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігі үйретілді
Өскеменде радиоактивті зақымдану және күшті әсер ететін улы заттардың ауаға таралу қаупі төнген жағдайда қала мектептерін қауіпсіз ауданға эвакуациялау бойынша кешенді жаттығу өтті.
46 мектептің оқушылары мен 16 колледж студенттері педагогтармен бірлесіп "Баршаның назарына!" сигналы бойынша химиялық қауіпті объектіде шартты апат орын алғаны туралы ақпаратты тыңдап, тыныс алу органдарын қорғаудың қарапайым құралдарын киіп, белгілі бір маршрут бойынша ықтимал инфекция аймағынан кетуі керек болды.
Әр мектеп өз бағыты бойынша қауіпсіз аймаққа шықты. Эвакуацияланушылардың іс-қимылдарының дұрыстығын ШҚО ТЖД мамандары мен жаттығуды ұйымдастырушылар- "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымының" Өскемен қоғамдық бірлестігі, Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі қадағалады.
Жаттығу барысында тактикалық сабақтар өткізілді, ШҚО ТЖД құтқарушылары өртті сөндіру, кинологиялық есептердің қатысуымен іздеу жұмыстарын жүргізу, үйінділердің астында қалған зардап шеккендерді шығару бойынша іс-қимылдарын көрсетті.