Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Премьер-Министрі Риддердегі ЖЭО жөндеу жұмысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / ҚР Премьер-Министрі  Риддердегі ЖЭО жөндеу жұмысымен танысты
Фото:
t.me/KZgovernment

Риддер қаласындағы ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, бүгінде стансадағы 6 қазандықтың 2-еуі іске қосылған. Жақын арада тағы біреуі іске қосылып, тұрғындар жылумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Қалған агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Бақытжан Байахметов. - Жалпы, бүгінде мазут сорғы стансасын, отын беру трактісін, турбогенератор және байланыс трансформаторларын жөндеу, жылу желілерінде гидравликалық режимді қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазандық пен турбиналық цехтардың шатыры жөнделді. Көмір тасымалданатын теміржолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын.

Премьер-Министр өткен жылыту маусымында Риддер ЖЭО апатты жағдайда жұмыс істеп, жиі тоқтап қалғанын, нәтижесінде тұрғындар қыстың көзі қырауда жылусыз қалғанын атап өтті.

Бұған бұрынғы қожайындардың стансаны жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қаражат салмағаны себеп болды. Осының барлығы ЖЭО-ның әбден тозуына әкеп соқты. Республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге бөлуге мәжбүр болдық. Облыс әкімдігі өз тарапынан 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алдағы жылыту маусымының дұрыс өтуі үшін олардың уақтылы аяқталуы маңызды. Мұны күні-түні қадағалап отыруымыз керек, - деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды.

Следующая →