Тай массажистері ШҚО-да заңсыз қызмет еткен
Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан
Полицейлер “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Тайландтың үш азаматын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон басқармасының бастығы Жеңісқанов Нұрлан.
Үш күн ішінде "Заңсыз келуші" ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.