Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған ШҚО азаматы айыппұл арқалады

ШҚО-да үй салып жатқан Өзбекстан азаматтарының Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат қағаздары болмаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған ШҚО азаматы айыппұл арқалады
Фото:
ШҚО ПД

Қазір 13 шетел азаматы да, оларды жұмысқа жалдаған ШҚО тұрғыны да әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайдыУстинка LIVE ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Шығыс Қазақстанда Өзбекстан азаматтары еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтаған, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Өскеменде ғимаратты жөндеумен айналысқан, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, шетелдіктер Қазақстанға қыркүйек айының ортасында келген. Олар уәкілетті органнан еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсат қағазын алмаған.

Ал ШҚО тұрғыны заңды бұза отыра, оларды рұқсат қағазынсыз жұмысқа қабылдаған. Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін өзбекстандықтар ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылып, оған 100 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда облыс аумағында "Заңсыз келуші-2023" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Бір күннің ішінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Следующая →