Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық тестілеу орталығы ШҚО-да ҚАЗТЕСТ өткізеді

"AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы "Miras" аймақтық кеңесінің отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық тестілеу орталығы ШҚО-да ҚАЗТЕСТ өткізеді
Фото:
AMANAT партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан шаралар бойынша ШҚО мәдениет басқармасының есебін тыңдады.

Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында жыл басынан бері облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы 171 шара өткізілді. ШҚО Лингвистика орталығы Өскемен қаласы бойынша 23 мекемемен келісімшарт негізінде қызметкерлерге мемлекеттік тілді тегін оқыту курсын жүргізіп отыр. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қалалар мен аудандардан түскен 793 өтінім негізінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығы облыста ағымдағы жылғы қазан айында диагностикалық "Қазтест" өткізуді жоспарлауда, - деді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.

Қазтест - Қазақстан азаматтарының және Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

ШҚО қалалары мен аудандарында халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің 7 филиалы ашылды: Өскемен, Алтай, Риддер қалаларында және Глубокое, Ұлан, Күршім, Қатонқарағай аудандарында. Сонымен қатар, Шемонаиха, Самар, Тарбағатай ауданында филиал құрылуда.

Латын графикасы әліпбиі негізінде қазақ тілін жаңғырту жөніндегі жұмыстар туралы мәлімет бере кетуді жөн көріп отырмын, - деді Самат Қасенов. - Латын графикасы әліпбинің түпкілікті нұсқасы әлі бекітілген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар бекітілгеннен кейін жалғасады. Қазіргі таңда Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқылануда. Сол құжатта латын әліпбиіне көшу мерзімі анықталатын болады.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басым бағыттарды талқылады.

Следующая →