Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +31°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
471.46
+5.94
504.79
+6.59
¥
64.92
+0.87
5.53
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы үздік шахматшы анықталды

Өскемендегі О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Айза бәрінен озық шығып, республикалық кезеңде шығыстың намысын қорғайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы үздік шахматшы анықталды
Фото:
ҚР Шахмат федерациясынан

"Шахмат керуені" турнирінің ШҚО-дағы 7-ші жартылай финалы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін облыстық іріктеу турниріне өткен жиырма шахматшының ішіндегі үш үздік анықталды. Жүлделі 3-орынды Владимир Иконин, 2-орынды Әділжан Садыбеков алса, 1-орын Айза Тулекеноваға бұйырды.

11 адаммен ойнадым. Қиын болды. Шахмат ойнап жүргеніме 3 жыл болды, - дейді 14 жастағы Айза Тулекенова.

Жүлдегерлер қараша айында Түркістан қаласында өтетін гранд-финалда облыстың намысын қорғамақ. 

Бұл жеңімпаздардан бөлек, турнирдің үш қатысушы "50 жасқа дейінгі шахматшы", "Ең жас шахматшы" және "Әйелдер арасындағы үздік нәтиже" аталымдары бойынша марапатталды.

Следующая →