Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
494.95
+2.30
525.49
-0.22
¥
68.4
-0.07
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы жауын-шашын жиын-терінге кедергі келтіріп тұр

"AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы өңірлік экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша кеңестің отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы жауын-шашын жиын-терінге кедергі келтіріп тұр
Фото:
AMANAT партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Отырыстың күн тәртібінде "Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны" іске асыру барысы туралы, егінді жинау жұмыстарын жүргізу барысы және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы, облыс бойынша сүт мал шаруашылығын дамыту, сүт-тауар фермаларын салу және реконструкциялау туралы мәселелер талқыланды.

Халықты жұмыспен қамту мақсатында облыста кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы белсенді іске асырылуда. Атап айтқанда, 2023 жылғы 25 тамыздағы ақпарат бойынша ұлттық жобаға 17 618 адам қатысты, оның ішінде 7 853 немесе 45%-ы жастар, - деді ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Динара Кожанова.

Кеңес мүшелері "AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында суару арналарын реконструкциялау есебінен суарудың жалпы ауданын 51,7 мың гектарға дейін жеткізу мәселесінде қарады.

Ағымдағы жылы жалпы егін жинау алаңы облыс бойынша 640 мың гектарды құрайды, оның ішінде: дәнді және бұршақты дақылдар 290 мың гектар, майлы дақылдар 211 мың гектар, картоп 11,0 мың гектар, көкөністер мен қауындар 6,0 мың гектар, жемшөп дақылдары 122 мың гектарды қамтиды. Қазіргі таңда бойынша 2023 жылғы 25 қыркүйекке 179,6 мың га немесе 61,8% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылкайдарова.

Айта кету керек, егін жинау кезінде ауа райының жаңбырлы болуы шаруаларға жиын-терінді уақтылы жүзеге асыруға кедергі келтіруде.

Следующая →