Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнен 200-ге жуық азамат әскерге шақырылады

Өскемендегі Қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлімде күзгі әскерге шақыру маусымы жалғасып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнен 200-ге жуық азамат әскерге шақырылады
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Күзгі маусымда екі жүзге жуық азамат Өскемен қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Кезекті әскерге шақыру жасағын орындау бойынша әскер жасындағы жастарға хабарлау, шақыру қағазын тарату, дәрігерлік тексеру жұмыстары жүргізілді. Әскерге шақырылушылардың алғашқы құрамы шекара қызметінің сапында Отан алдындағы борышын өтеуге ниеттілерден жасақталды. Одан кейін Қарулы күштердің әскери бөлімдері, Мемлекеттік күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жас сарбаздардың кезекті легімен толықтырылады.

Әскерге шақыру туралы хабарлама алдым. Бірден қалалық Қорғаныс істері басқармасына медициналық тексеруден өтуге келдім. Дәрігерлер денсаулығым бойынша шағым жоқ деп отыр. Алдағы уақытта Отан алдындағы борышымды өтеуге аттанамын. Қарулы күштер қатарында қызмет еткім келеді, – деді әскерге шақырылушы Әлібек Асқаров.

Ал elicense.kz порталы арқылы онлайн режимде әскерге шақырудан босату немес кейінге қалдыруға өтініш беруге болады. Шақыру комиссиясы келген өтінішпен қоса берілген құжаттарды қарап, қорытынды шығарады.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Әскери борышын өтеп келген азаматтарға ҰБТ және оқу орнына түсу емтихандарын тапсырмай, жоғары оқу орындарына орналасу секілді жеңілдіктер қарастырылған.

Следующая →