Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүлік салығы 1 қазанға дейін төленбесе, өсімпұл қосылады

1 қазанда жеке тұлғалар үшін 2022 жылдың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Мүлік салығы 1 қазанға дейін төленбесе, өсімпұл қосылады
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері төлем жасау кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін айтып өтті.

Салық кодексінің 527-бабының 3-тармағына сәйкес, ортақ мүлік бойынша міндеттемелерді есептеу меншік иелерінің бірі үшін жүзеге асырылады. Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасын алып тастаған кезде, есептеу болмаған жағдайда басқа иеленушілердің де ЖСН енгізу қажет.

Салық кодексінің 532-бабының 2-тармағына сәйкес, егер салық кезеңі ішінде объект 12 айдан аз уақыт меншікте болса, мүлік салығы және мұндай объектілер бойынша қосымша төлемдер объектілерге нақты иелік ету кезеңі үшін есептеледі, - деді ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев.

Айта кету керек, салық заңнамасының нормаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер қолданылады: жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектер, көпбалалы аналар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері және басқалар.

Жеке тұлғалардан мүлік салығын толық немесе уақтылы төлемегені үшін өсімпұл қосылмауы үшін 1 қазанға дейінгі мерзімде төлеуді ұсынамыз, - деп толықтырды спикер.

Департаменттің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қазанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша қарыз 48,6 млн теңгені құрады. Оның ішінде Өскемен қаласы бойынша 38,6 млн теңге. 

Салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі. 

Салық берешегінің бар/жоқтығы туралы ақпаратты Егов электрондық үкімет порталында, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетаінің РКkgd.gov.kz порталында, Kaspi.kz, Homebahk (Halykbank) қосымшалары арқылы, e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы, 1414 - бірыңғай байланыс орталығының тегін телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге  болады.

Следующая →