Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Алтай халық театрлары" фестивалі өтіп жатыр

Он жыл бұрын алғаш рет өтіп, кейін үзіліп қалған фестиваль бүгін қайта жанданды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Алтай халық театрлары" фестивалі өтіп жатыр
Фото:
ШҚО драма теартынан

Фестивальға Зайсан, Самар, Тарбағатай аудандарының халық театрлары келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы енді бұл өнер мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратындығын айтты.

Он жылдан астам уақыт тоқтап қалған фестиваль қайта қолға алынды, енді дәстүрлі түрде жылда өткізілетін болады, - деді ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов. - Осылайша жергілікті жерлердегі, аудан-ауылдардағы халық театрларын дамыту үшін оларға көңіл бөлініп, жағдай жасалуы керек. Бұл ауылдық мәдениетті дамытудың өзекті жолы. Бүгінгі фестивальға төрт театр қатысып отыр. Басында барлық аудандардан келіп қатысса деп ойлаған едік. Биыл төртеу болса, келер жылы сегіз болар… одан ары барлық аудандарда осындай халық театрлары құрылып, фестиваль дәстүрлі үлкен мерекеге ұласар деген үміттеміз. Бүгін өнерлерін ортаға салатын өнер ұжымдарына сәттілік тілеймін. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында креативті индустрияны дамытуымыз керектігін айтты. Осыған орай облыс әкімі арнайы тапсырма берді, үлкен жоба қолға алынып жатыр. Облыста креативті индустрия орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, шығармашылық саласындағы креатривті индустрияға атсалысқан жандар үшін мемлекет тарапынан грант бөлінеді.

Биылғы фестиваль есімі дүние жүзіне танымал жерлес жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық драма театрының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. "Алтай халық театрлары" фестивалінің мақсаты - облыс көлеміндегі театрлар арасында шығармашылық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. "Ел іші – өнер кеніші" деп халқымыз бекер айтпаса керек... Көркемөнерпаздардың өз күшімен құрылған халық театрлары әр аудан мен ауылдың ажарын кіргізетін бірегей орталық болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық халық театрлар фестивалі 2012 жылы тұңғыш рет өткен. Ол кезде 9 театр атсалысқан. Содан бері, міне, 10 жылдан астам уақыт зырғып өте шығыпты. Биылғы фестивальға үш ауданнан төрт өнер ұжымы қатысып отыр. Ол Зайсан халық театры, Тарбағатай халық театры, Зайсан ауданының "Поэзия" халық театры және Самар ауданының "Өрлеу" көлеңкелі қуыршақ театры.

imgonline-com-ua-Resize-cFziziBJk7BKK.jpg

Зайсан халық театрына биыл 62 жыл толды. Өнер ұжымы алғаш сахна шымылдығын классик жазушымыз Мұхтар Әуезовтың "Қаракөз" трагедиясымен ашқан еді. Көрермен қауым қошеметпен қол соғып, шын көңілден ризашылық сезімін білдірген театрға да алпыс екі жыл болды. Зайсан халық театрының негізін қалаған алғашқы қарлығаштары: Қатыш Қасенова, Ораз Кәкеев, Қанағат Мұханов, Алмагүл Сүлейменова есімдерін жұртшылық жақсы біледі.

Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының "Ақжар халық театрына" 60 жыл толып отыр. 1962 жылы өткен халық театрларының республикалық байқауында лауреат атанған, Мәскеудегі Кремль сахнасында өнер көрсету құрметіне ие болды. Осы жылдан бастап Тарбағатай мәдениеті мен өнерінің шығармашылық шабытының қанаты қатайып, кәсіби деңгейге құлаш ұру дәуірі басталған еді. Театрдың негізін қалаған – Байтоғасов, Мұхамадиев, Абдуллин, Еңсебаевтардың еңбегі ерекше.

Ал Самар ауданының "Өрлеу" көлеңкелі қуыршақ театры биыл маусым айында Дархан Бекбосыновтың бастамасымен құрылды. Театрдың құрылғанына бірнеше ай болса да ұжымның алға қойған мақсаты көп. Көлеңкелі қуыршақ театры қазақ және орыс ертегілерін көрсете отырып, балаларға тәлім-тәрбие беру, ой-қиялын ұштау, еліне пайдасы тиетін патриот азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етуде.

2009 жылы Зайсан халық театрының жанынан құрылған театрға “Поэзия халық театры” атағы берілді. Содан бері облыс пен республикаға белгілі таланттар қанат қақты. Осы театрды құрып, бүгінге дейін түрлі облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты атанып, биіктен көрінуіне себепші - режиссер Алмагүл Сүлейменова.

Айта кетейік, фестивальға қатысушылардың өнерін  ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әскерхан Ақтайдың төрағалығымен арнайы әділқазылар алқасы бағалайтын болады. Оның құрамында "Алтай" халық би ансамблінің жетекшісі Тимур Қожахметов; Қазақ театрының көркемдік жетекшісі Дос Құбаш; О. Бөкей атындағы кітапхана қызметкері Құралай Қайырбаева; ШҚО драма театрының бас суретшісі Данияр Алдабергенов бар.

Следующая →