Өскеменде Катонқарағай ауданы күндері өтеді
"Туған жер алтын бесігім" облыстық жобасы аясында Өскеменге Катонқарағай ауданының өнерпаздары мен шаруа қожалықтары келеді
Жұма, сенбі күндері аудан өнерпаздары концерт қойса, жәрмеңкеде шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
22 қыркүйек күні сағат 18.30-да Ертіс концерт залында Катонқарағай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының гала концерті.
23 қыркүйек күні "Фреш маркет" сауда орталығының жанында Катонқарағай ауданының ауылшаруалық өнімдерінің жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздарының концерті өтеді. Ұлттық ойындардан қол күрес, қымыз ішу, қой мен бал көтеруден сайыстар өтеді.
Сағат 11.00 де Амфитеатр алаңында өтетін 5 шақырымдық марафонға, спорттық және балалар шығармашылығына арналаған шараларға қатысып, ауданымыздың қолөнершілерінің көрмесін тамашалай аласыздар. Композитор, этномузыкант Еділ Құсайынов және Х -Фактор жобасының жеңімпазы Мирас Ерболовтың концертін тамашалай аласыздар, - деп хабарлады аудан әкімдігі. - Спорт сүйер қауымына Алтай стадионында сағат 13.00 облыстық шағын футболдан ашық турнир өтеді. С. Аманжолов атындағы ШҚУ жатақханасының алаңында, сағат 19.00 де жастарға арналаған ашық аспан астында кино көрсетілім өтеді.