Өскемен
облачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +19°
$
486.44
+2.07
534.31
+3.25
¥
68.98
-0.04
5.06
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Оралхан оқулары" республикалық байқауы қайта жанданбақ

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бүгінгі Оралхан Бөкей атындағы республикалық ІІ публицистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде мәлімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Оралхан оқулары" республикалық байқауы қайта жанданбақ
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

Байқауды ұйымдастыруға Өскемен қаласы әкімдігі арнайы қаржы бөлуге де дайын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласында Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында жарияланған "Неткен ғажап дүние!" публицистика байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты шараға Оралхан Бөкейдің көзін көрген замандастары, қаламдастары - жазушы, О. Бөкейдің рухани сырласы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Әлібек Асқаров; жазушы, журналист, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Нұртөре Жүсіп, жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының және Франц Кафка атындағы алтын медальдың иегері - Асқар Алтай келді. Алыстан арнайы ат артып келген жазушылар мен байқау жеңімпаздары ең алдымен Өскемендегі Оралхан Бөкейдің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Артынша салтанатты шара жазушы атындағы орталық кітапханада жалғасын тапты. Замандастары Орекең жайлы құнды естеліктермен бөлісті. Осы орайда айта кеткен жөн, Оралхан Бөкейдің қас қағым сәттерін фототаспаға басып алып, тарих қазынасына қосқан Әлібек Асқаров екенін бірі білсе, бірі білмес. Ал Нұртөре Байтілесұлы Үндістан сапарында Оралхан Бөкеймен бірге болып, аяулы жазушының  соңғы  күндеріне  куә болған. 

Салтанатты шарада сөз алған Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жақсы жаңалықпен бөлісті.

Биыл көркемсөздің сүлейі, көреген ойдың кемеңгері Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы. Көзіқарақты оқырман жақсы біледі, біз былтырдан бері Оралхан Бөкей атындағы түрлі сайыстарды өткізе бастадық, - деді Жақсылық Мұқашұлы. - Былтыр тұңғыш рет проза жанры бойынша "Ауыл хикаялары" жас жазушылар байқауы өтті. Биыл жас буын арасында очерк жазудан байқау ұйымдастырдық. Бұндағы негізгі мақсат – жастарды Оралхандай таптаурын жолдан шығып, өзінің еркіндігімен, өзінің дара жолымен келсін, соған үйреніп-дағдылансын деген ниетпен ынталандыру, жол ашу. Осы тұрғыдан алғанда жас прозашылар арасындағы байқау үлкен мағынаға ие деуге болады және жылдан-жылға аясы кеңейіп, қатысушылар санын арттыру қажет. Ал бүгінгідей кешке нар тұлғалардың арнайы келіп қатысуы бұл шараның деңгейін көтергені анық. Оралхан Бөкей атындағы бұндай байқаулар тек шығыста емес, еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілсе де артықтық етпейді. Нұртөре Жүсіп ағамыздың ""Оралхан оқулары» кейінгі кезде тоқтап қалды" деген сөзі үлкен ой салды. Шынымен, республикалық деңгейде өткізіліп жүрген байқау еді. "Оралхан оқуларын" келесі жылдан бастап жылда өткізіп отыруды қолға алмақпыз. Министрліктің қаржысы жетпей жатса, Өскемен қаласы әкімдігі арнайы қаржы бөліп, келесі жылдың жоспарына енгіземіз.

"Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім. Мал, малшы, өндіріс, жұмысшы" деп күбірлеп-сыбырлап келгем жоқ. Бар дауысыммен айқайлап "АДАМ!" деп келдім.  Иә, бізге керегі – ең әуелі Адам", - деген Оралхан Бөкей журналистика жанрларын жазу мәнеріне жаңаша кестелі  із салған бірегей журналист. Бүгінгі байқаудың да мақсаты - жазушының осы көркем мәнерін жаңғырту, ізбасарларын анықтау, қолдау. Ақпан айында жарияланған байқауға жиырмаға жуық жұмыс жіберілген. 

Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО бөлімшесінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев, облыстық  "Дидар" газетінің бас редакторы Серік Әбілхан мен республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің ШҚО-дағы меншікті тілшісі  Мерей Қайнар байқауға келген жұмыстардың арасынан үздігін таңдап, жеңімпазды анықтады. 

Сонымен, 3-орын "Жұлдызыңыз жоғары болсын" атты очеркі үшін Айнаш Асановаға; 2-орын "Қымбаттың Бойтұмары" атты очеркі үшін Алматыдан асыға жеткен жазушы һәм ұстаз жерлесіміз Айзат Рақышқа; 1-орын "Тобылғы жарғанның суығы" атты очеркі үшін Киелі Ұлытау аймағынан ат арытып жеткен дарынды қаламгер Абай Оразға бұйырды. Ал дарыны мен қаламының қарымын көрсетіп, жүзден жүйрік шыққан "Тілей" очеркінің авторы астаналық Жантас Еркінұлы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Он бес-жиырмадай жұмыс түсті. Бұл өте аз. Байқау ақпанда жарияланды, қыркүйекке дейін күттік. Үміттеніп, көп күттік... Келген жұмыстардың арасынан мен "Тілей" деген очеркке тоқталғым келеді. "Тілейде", оның авторы Жантастың ойында біз барлығымыз айтып өткен Оралхан Бөкейдің жазушылық, журналистік қуатының элементтерін көрдік. Ғажап дүние! - деп баға берді Әлібек Қаңтарбаев.

Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан
Следующая →