Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

AMANAT партиясының облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Усть-Каменогорск и ВКО / AMANAT партиясының облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті
Фото:
Amanat партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Сондай-ақ, облыстық филиалдың кезектен тыс XXXII конференциясында №13 бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Жолдауда айтылған шаралардың бір бөлігі AMANAT партиясының Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Бұл – Мемлекет басшысы мен AMANAT партиясының ел болашағына деген ортақ көзқарасының көрсеткіші. Әрбір Жолдау маңызды және стратегиялық құжат болып табылады, сондықтан AMANAT оларды жүзеге асыруда әрқашан біріктіруші және қозғаушы күш ретінде әрекет етеді, - деді AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова.

Сонымен қатар, Президент өз Жолдауында экономиканың басым секторларына назар аудару керектігін айтқан болатын. Бұл ретте жоғары сапалы тауарларды шығарып отырған ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екенін де айта кету керек.

Мен өңірдегі сүт өнімдерінің көтерме саудасы саласындағы шағын және орта бизнестің өкілімін. Ісімді бір сүт тасымалдайтын автомашинамен бастадым, күніне 200-300 литр сүт жинайтынмын. Қазірг, 8 жылдан кейін - 13 сүт тасымалдайтын автомашина сатып алып, 8 сүт қабылдау пунктін аштым. Кәсіпорын тәулігіне 30 тоннаға жуық сүт дайындайды. Бүгінде менімен бірге "Молочный экспресс" ЖШС-де 40 адам жұмыс істейді. Агроөнеркәсіптік кешен біздің облысымыздың экономикасында шешуші рөл атқарады және біз осы саладағы көшбасшылық позицияларды сақтау үшін бар күшімізді саламыз, - деді "Молочный экспресс" ЖШС басшысы Талғат Мұқанов.

Следующая →