Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкіметтен Жамбыл облысының аграрларына қаражат бөлінеді

Жамбыл облысындағы 9 мың га алқаптағы егіс қуаңшылықтан зардап шеккен

Новости Казахстана / Үкіметтен Жамбыл облысының аграрларына қаражат бөлінеді
Фото:
pexels.com

ТЖ салдарынан Жамбыл облысының аграрларына келтірілген залалды өтеуге резервтен 3,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов осындай қаулыға қол қойды.

Биыл Жамбыл облысының көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері су тапшылығы салдарынан шығынға батты, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. - Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарындағы 400 АӨК субъектісінің 9 мың га алқаптағы егісі қуаңшылықтан зардап шеккен.

Бұл жағдайға байланысты Премьер-Министрдің өкімімен облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат шаруаларға шығынның орнын толтырып, келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалуға мүмкіндік береді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Следующая →