Өскемен мен Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдай
Синоптиктер еліміздің сегіз қаласында ауадағы ластаушы заттардың мөлшері артады деген болжам жасады
Фото:
Устинка LIVE
"Қазгидромет" ақпаратына сүйенсек, бүгін Алматы, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Риддер және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанды.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.