Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 млн іс ашылды
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысы жалғасуда
Комиссия 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Бас прокуратураның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.