Өскеменде онкологтар тұрғындарды тегін қабылдауға шақырады
Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында облыстық онкологтар ашық есік күнін өткізбек
Қабылдау 23 қыркүйек, алдағы сенбі күні, өткізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін күтеді.
Ашық есік күні гинекологиялық қатерлі ісік және бас пен мойын қатерлі ісігінің алдын алуға арналған. Бұл күні орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алып, тексеруден өте аласыз.
Өзіңізбен бірге жеке куәлік болса жеткілікті, учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.
Мекенжайы: ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы: Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі (емхана). Байланыс телефондары: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.