Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысының тұрғыны ШҚО-дан 43 млн теңгенің жылқысын айдап әкеткен

Ұлан ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен 54 бас жылқы жоғалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Абай облысының тұрғыны ШҚО-дан 43 млн теңгенің жылқысын айдап әкеткен
Фото:
ШҚО ПД

Ұры бір табын жылқыны бір түнде алып кеткен көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас жылқы ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Ол сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткенін хабарлады, - делінген ШҚО ПД ақпаратында.

Биелердің бірінің мойнында JPS трекері болған. Бірақ құрылғы ажыратылған болып шықты.

Келтірілген залал 43 млн теңгеден асады. Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Аталған факті бойынша ШҚО ПД ҚР ҚК-ның 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Следующая →