Бүгін Қазақстанда танкистер төл мерекесін атап өтуде
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері танкистер күнін атап өтті
Атаулы күні 1946 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланып келеді. Қорғаныс министрінің бұйрығымен 15 қыркүйек осы мерекенің нақты күні болып бекітілді.
Сенімді сауыты, жоғары маневрлік пен атыс қуатының арқасында танктер жердегі ұрыс кезінде кеңінен қолданылып келеді. Уақыт өтіп, заманауи технологиялар сағаттап дамып жатқан уақытта да танк өзінің қажеттілігін жоғалтпады. Дамыған елдер түгелдей армияларының негізгі жауынгерлік күші ретінде осы ұрыс құралын пайдаланып келеді.
Бүгінгі мерекеге орай "Ертіс концерт" ұжымы әскери қызметшілерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерт қойды. Мерекелік кеште әскери қызметте көзге түсіп, жүктелген міндеттерді орындауда өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілер марапатталды.
Біз бүгін Танкистер күнін атап өтудеміз. Осы салада жүргенімді мақтан тұтамын. Себебі танк Құрлық әскерлерінің басты соққы күші деп есептеймін. Қарулы күштердегі әріптестерімді Такішілер күні мерекесімен құттықтаймын, - деді батальоны сержанты 2-сынып сержанты Ерболат Еңсебаев