Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы өтінішті қалай беруге болады?

Бұл қызметті ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн да алуға мүмкіндік қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы өтінішті қалай беруге болады?
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚОФ баспасөз қызметінен

ШҚО ХҚО-ның мамандары әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметін қалай алуға болатынын еске салды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мемлекеттік қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да, онлайн түрінде де көрсетіледі. Осылайша азаматтар үйден шықпай-ақ электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.

Қызметті алу үшін порталда авторизациядан өтіп, "Қауіпсіздік" бөліміндегі "Шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі ұсынылған және қосымша жолдарды толтыру, кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет. Өтінім 6 күн ішінде қаралады. Мемлекеттік мекеменің жауабы электронды порталдың жеке кабинетіне түседі.

Ағымдағы жылы облыс тұрғындарының әскери қызметтен босатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы мәртебесін SMS-хабарлама арқылы білуге мүмкіндіктері бар. Бұл проактивті мемлекеттік қызмет азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді. Оларға артық құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Естеріңізге сала кетейік, кейінге қалдыру келесі мән-жайлар бойынша қарастырылған: отбасылық, оқуды жалғастырған жағдайда және денсаулығына байланысты.

Следующая →