Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жазғы кезеңде алты адам суға батып кеткен

Шомылу маусымында қаза тапқандар саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15%-ға төмендеген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жазғы кезеңде алты адам суға батып кеткен
Фото:
Устинка LIVE

Барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Жазғы кезеңде су айдындарында ШҚО ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік шараларының алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіп, 304 тыйым салу және ескерту белгілері және 24 баннер орнатылды. Құтқарушылар полицейлермен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп 4400-ден астам рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Мәселен, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 364, 412, 440-баптары бойынша 126 адам жауапқа тартылды, - деді ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

Биыл шомылу маусымы кезінде 6 адам суға батып кеткен. Барлық жағдайлар шомылуға жабдықталмаған жерлерде орын алды. Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті.

Ағымдағы жылы Риддер қаласының аумағында, Журавлиха өзенінің жағалауында коммуналдық жағажай ашылды. Аймақта шомылу үшін 22 учаске анықталды. Алайда су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тек 8-і жабдықталған. Алтай ауданындағы 2 жағажайды, Катонқарағай ауданындағы жағажайды, Самар ауданындағы 8 жағажайды жабдықтау мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Ұлан ауданында 9 орын анықталды, 1 жабдықталған жағажай бар (Сібе көлдеріндегі жағажай "Шалқар" көлі) және 4 жеке жағажай, қалған 4 жерде жағажайлар жабдықталмаған. Аймақта 78 орынға шомылуға, 28 орынға шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүруге тыйым салынған, - деді Руслан Орынбеков.

Следующая →