ШҚО-да екі жарым мыңға жуық ерікті бар
Облыстың 11 қала мен ауданында волонтерлердің өңірлік фронт-офисі құрылған
Өңірде "Birgemiz: áreket ýaqyty" волонтерлік жобасы сәтті жүзеге асуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк атап өткендей, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Birgemiz: áreket ýaqyty" волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру "жобасын іске асыру шеңберінде волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында республикалық маңызы бар 17 облыста және 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізу жұмыстары басталған.
Өскеменде біз екі күндік іс-шара өткіздік, бұл мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша семинар, сондай-ақ еріктілер құрамдас бөлігімен өзара іс-қимыл жасайтын ҮЕҰ, азаматтық секторлар. Менің ойымша, шара жоғары деңгейде өтті, - деді Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк.
Бұл іс-шараның маңыздылығы Қазақстанда да, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың маусым айында өткен халықаралық волонтерлер форумында сөйлеген сөзі дәлел. Онда президент мемлекет пен қоғамның волонтерлік қызмет саласындағы сенімді әріптестігін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асырылғанын және біздің қоғамда еріктілік пен қайырымдылық дәстүрлерін нығайту үшін кешенді қадамдар ұсынғанын баса айтты. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында 3,6 млн теңгеге волонтерлікті дамыту жобасы іске асырылуда. Жобаны қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 2411 ерікті жұмыс істейді. 2020 жылы "Еріктілер жылы" аясында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Облыстық Жастар ресурстық орталығы" КММ базасында 11 қала мен аудандарда волонтерлердің өңірлік фронт-офисі құрылды, - деді Данияр Жүнісов.
Бұдан өзге, облыста 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту жөніндегі республикалық жол картасы іске асырылуда. республикалық Жол картасына сәйкес 8 бағыт бойынша, атап өтсек "Білім", "Салауат", "Сабақтастық", "Таза әлем", "Асыл Мұра", "Қамқор", "Үміт", "Аяла" жұмыстар жүргізілуде.
Облыс еріктілері Сирия мен Түркиядағы жер сілкіністерінен зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек және Абай облысында болған оқиғаларға байланысты еріктілер 20 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберді. Брифинг барысында Данияр Жүнісов бүгінде барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.