Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәсібилігін шыңдау үшін әр өңірдің офицерлері Өскеменде жиналды

Желілік батальондар командирлерімен практикалық дайындық бойынша бес күндік жиын басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Кәсібилігін шыңдау үшін әр өңірдің офицерлері Өскеменде жиналды
Фото:
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен

Жиын "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу орталығының базасында өтіп жатыр. Кәсіби деңгейді жетілдіруге еліміздің барлық өңірлерінен елуден астам офицер қатысуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Дәрістерді өткізу бағдарламасындағы сабақ кестелеріне сәйкес бес күн ішінде батальондық буын офицерлерінде әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің негізгі басымдықтарын, функционалдық міндеттерін, жалпы әскери жарғыларды, оның ішінде атыс, дене шынықтыру, әскери-инженерлік даярлық, РХБЗ және техникалық даярлық бойынша практикалық дағдыларды айқындайтын басшылық құжаттар мен директиваларды білу бойынша сынақтар қабылданатын болады. Қару-жарақ пен әскери техниканың, арнайы құралдардың, байланыстың тактикалық-техникалық сипаттамаларын білу, сондай-ақ қатысушылармен қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, Мемлекеттік-құқықтық, әдістемелік даярлық және әскери топография бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілетін болады.

Жиын жетекшісі, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Әбжановтың айтуынша, жиындардың міндеттері лауазымды тұлғалардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша бірыңғай тәсілді әзірлеу, озық тәжірибемен алмасу, командирлердің атыс, дене шынықтыру және әдістемелік даярлығын тексеру болды.

Батальон командирлеріне жоғары сападағы білім беріліп, заманауи техникаларды қолдану тәртібі түсіндіріліп жатыр. Бұдан бөлек білікті әскери қызметшілер жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісуде. Бүгін атыс алаңында әртүрлі қару түрлерінен оқ ату бойынша сынақ тапсырып жатырмыз. Олардың арасында біздің батальондарға жаңадан берілетін НСВП қаруынан оқ аттық. Жаңа тактикалар бойынша қолданылатын өзге де қару түрлерінен оқ атып машықтанып жатырмыз. Осы оқу-әдістемелік жиын барысында үйренген, білгендерімізді өз батальондарымызға оралған соң жеке құрамға үйретеміз, - деді 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 1 батальон командирі капитан Сейітжан Қалбай.

15 қыркүйекте жиын қорытындыланып, Үздік офицерлер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өзіміздің кәсіби деңгейімізді көтеру мақсатында Ұлттық ұлан базасында бар қару-жарақ түрлерінен оқ ату шеберліктерімізді шыңдап жатырмыз. Осы арқылы әскеріміздің сапалы әрі мықты болуына атсалысамыз. Жиын барысында біз үшін ешқандай қиындық туындаған жоқ. Барлық қару түрлерін батальон командирлері шебер игеріп, қабілеттерін көтеруде, - деді 5571 әскери бөлімінің 4 жедел мақсаттағы батальонының командирі майор Төлеби Берікбаев.


Следующая →