Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік кәсіпкерлерден 1800-ден астам электрондық темекі тәркіленді

Қаладағы 4 сауда үйі мен дүкендерден 8 млн теңгеден астам соманың тауары тәркіленген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік кәсіпкерлерден 1800-ден астам электрондық темекі тәркіленді
Фото:
ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінен

Өйткені темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз саудалаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Өскемен қаласындағы 4 сауда орны мен дүкендерінде бірреттік электрондық сигареттер және осыған ұқсас тұтатпай ішке тартуға арналған өнімдер ретіндегі бірреттік жеке электр буландырғыш құрылғыларды, оның ішінде сұйықтықтар мен гельдерді сәйкестендіру құралдарынсыз сату мәселесі бойынша тексерулер жүргізді, - деп хабарлады ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 8 млн 303 мың теңгеге 1880 дана электрондық сигареттер мен никотин бар сұйықтық тәркіленді.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 28.09.2020 жылғы №927 бұйрығын бұза отырып, жоғарыда көрсетілген темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз саудалаған, - делінген хабарламада.

Осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген. Санкция құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жазаны көздейді.

Қажетті шаралар сот шешімі шыққан соң қабылданады.

Следующая →