Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заңсыз қару сақтаған 15 азаматқа қатысты тергеу басталды

Заңсыз айналымнан 22 бірлік қару мен 300-ден астам оқ-дәріні тәркіленді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да заңсыз қару сақтаған 15 азаматқа қатысты тергеу басталды
Фото:
ШҚО ПД

5-9 қыркүйек аралығында тәртіп сақшылары тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде 8 мыңнан астам атыс қаруының иесі есепте тұр, оларда 14 мыңнан астам азаматтық қару бар.

Жүргізіліп жатқан ЖПІШ барысында тұрғылықты жері бойынша қару иелерін жыл сайынғы жүйелі тексеруге қарамастан, облыс бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін 37 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте полиция қызметкерлері 28 бірлік қаруды тәркілеген, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Бес күн ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 22 бірлік қару мен 300-ден астам оқ-дәріні тәркіледі.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынан еске салады.

Следующая →