Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде үш тілді жетік меңгерген "тіл шебері" анықталды

Қазақстан халқының тілдері күні Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған "Тіл шебері" қалалық байқауы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде үш тілді жетік меңгерген "тіл шебері" анықталды
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

Оған қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқау бүгінгі 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырып, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана ұйымдастырды.

Байқау үш кезеңнен тұрды, оқушылар әр кезеңде әр тілде жауап берді. Мәселен, "Елтаным" кезеңінде Оралхан Бөкей шығармалары бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап берулері керек болса, екінші "Өнертаным" кезеңінде өз өнерлерін ортаға салды. Шарт бойынша оқушылар өз қалауы бойынша ән айту, өлең оқу немесе Оралхан Бөкейдің кез келген шығармасынан үзіндіні ағылшын тілінде жатқа мәнерлеп оқуы керек. Ал үшінші кезең - "Сөзтаным". Бұл кезеңде қатысушылар еліміздің танымал тұлғалары, қазақ әдебиеті, салт-дәстүрі, туған жер тарихы және табиғаты бойынша ұсынылған фотосуреттер аясындағы сұрақтарға орыс тілінде жауап берді.

Маған байқау ұнады. Сайыс тартысты өтті. Тек қана Оралхан Бөкей және оның шығармашылығына қатысты емес, қазақтың салт-дәстүрі, тарихы жайлы қызықты сұрақтар болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жауап бере отырып, әрқайсымыз тіл меңгеру деңгейімізді, өзіміздің білімімізді тексеріп көрдік, - дейді Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Таңнұр Еркін.

Қазақ, орыс және ағылшын тілі мамандарынан құралған әділқазылар қатысушылардың мемлекеттік тілде көркем сөйлеу деңгейіне басымдық бере отырып, олардың Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы білімі, үш тілде сөйлеу сауаттылығы, мәнерлеп оқу шеберлігі, ел алдында өзін ұстай білу, сөйлеу және киіну мәдениетін басшылыққа алды.

Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті деп ойлаймын. Барлығы жауапкершілікпен дайындалып келген. Мені қуантқаны – жастар жерлес жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің шығармаларын шынымен сүйіп оқитынын аңғардым. Бұл өте жақсы. Өйткені Оралхан Бөкей біздің тұғыры биік қаламгеріміз. Оны өскелең ұрпаққа насихаттау керек. Жазушы атындағы кітапхана да осы бағытта жемісті жұмыс істеп жатыр, - дейді әділқазылар мүшесі, "Менің өлкем" облыстық газетінің бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев.

Байқау нәтижесінде барлық жүлделі орындарды Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицей-интернатының оқушылары иеленді. 1-орын 11-сынып оқушысы Ақжүрек Нұрболқызына, 2-орын 10-сынып оқушысы Таңнұр Еркінге бұйырса, ал 3-орынды Амина Акимбаева мен Жанбота Қуатқызы өзара бөлісті.

Осы орайда айта кеткен жөн, О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана осыған дейін жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында екі рет республикалық байқау өткізген болатын. Оның бірі былтыр ұйымдастырылған "Ауыл хикаялары" прозалық байқауы, екіншісі биыл ұйымдастырылған "Неткен ғажап дүние!" көркем очерк жазу байқауы.

Следующая →